Биыл Шарбақты ауданына қарасты Галкин ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Заманауи мекемеде балалардың қазақ күресі, волейбол, баскетбол, басқа да спорт түрлерімен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Ерекше атап өтерлігі, мұнда бассейн бар. Әзірге өңірдегі өзге аудандардың ешбірінде дәл осындай мүмкіндік жоқ. Жаңа спорт кешені «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша бой көтерген. Нысанның құрылыс жұмыстарына қазынадан 200 млн теңгеден астам қаржы жұмсалып, екі жыл бойы салынған. Қазіргі таңда 60-қа жуық жеткіншек пен жасөспірім түрлі спорттық секцияларға қатысып, шынығуда. Сондай-ақ, ауыл жастары да кешкі уақытта кешенге келіп жаттығуда.