Жаңа жыл қарсаңында шарбақтылық тұрғындар баспаналы болды. Ауданда он жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй кезегінде тұрған 12 отбасы қоныс тойын тойлауда.

Биыл аудан әкімдігі 18 пәтерлі екі қабатты үй сатып алған. Оның 12 пәтері көптен бері баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Яғни, осы санат бойынша өңірдегі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар үйлі болды. Ал алты пәтер облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданға келетін медицина қызметкерлеріне үлестіріледі деп жоспарлануда. Мереке қарсаңында пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс еткен аудан әкімі Сержан Иманқұлов:

– Жерлестерімізді қоныс тойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің шаңырақтарыңыз  әрқашан жылулыққа, мейірімге және шаттыққа толы болсын! Әр отбасыға татулық пен береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деп ізгі тілегін білдірді.

Н.АҚЫТЕГІ.