Көктем келіп, күн жылынғалы өзен-көлдердің бетіндегі мұз еріп, жұқара бастады. Осыған орай мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыруда.
Жақында мұндай шара Баянауыл өңірінде өтті. Яғни, аудандық прокуратураның ұйытқы болуымен төтенше жағдайлар, полиция бөлімдері, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп су айдындарындағы мұздың қалыңдығы мен еру қарқынын бақылап шықты. Сондай-ақ, аталмыш мекеме өкілдері аудан тұрғындары мен қонақтарға арнап мұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Әсіресе, мамандар қазіргі уақытта автокөлікпен қатып жатқан өзен-көлдің үстімен жүруге болмайтынын, себебі мұз жұқарып кеткенін ескертті.