Жуырда Павлодар қаласының «Баянтау» спорт сарайында U15 жас арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтті. Оған Май ауданының жас палуандары қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, Егор Колобов, Мәди Сейітханұлы 1-орын, Ерсұлтан Садыр, Санжар Жарылғасымов, Вячеслав Кабаков 2-орын, Асанәлі Теміров, Алтай Айман 3-орынды иеленді. Жеңімпаз палуандар сәуір айында Петропавлов қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, Шыған ауылының тұрғыны, спорт ардагері Тавис Шиябутдинов қоссайыстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Әлем және Азия чемпионатына жолдама алды.

Спорттағы інілері Қабыкен Ботабай, Руслан Валитов, Ақылбек Адамжанов, мәслихат төрағасы Мейрамбек Қызырұлы және депутаттары Рашит Жапишев, Бағлан Зиябеков ізгі тілектерін білдіріп, спорт ардагерінің иығына шапан жапты.

 

Өз тілшіміз.