Көктем келіп, жаз туса облыс жұртшылығын мазалайтын басты мәселелердің бірі – шыбын-шіркейдің көбеюі. Жуырда аудан орталығында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекция шараларын жүргізу бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Аудан әкімі Қаршыға Арыновтың қатысуымен өткен жиынға облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева, дезинсекциялық қызметтер мен ғылыми сүйемелдеу қызметін көрсететін фирмалар өкілдері, сондай-ақ ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Жиын барысында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізудің стратегиясы мен әдістері талқыланды. Сондай-ақ, іс-қимылдың нақты жоспарлары әзірленді.

Аудан әкімдігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, авиация мен тосқауылды өңдеуді пайдалана отырып, 20 000 гектар аумақты қансорғыш жәндіктерге қарсы өңдеумен қамту жоспарлап отыр.

 

А.БОРАНБАЕВА.