Успен ауданында шекаралық аудандарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің еңсесі көтерілді.
Биыл шекара маңында орналасқан бірқатар ауылға орталықтандырылған су желісі тартылып, жергілікті тұрғындардың қуанышын еселей түсті. Мәселен, Богатырь, Қаратай, Вознесенка ауылдарының тұрғындары таза судың игілігін көрді. Сондай-ақ, аталмыш ауылдардың кіре беріс жолдары жөнделіп, әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртудан өтуде. Ауыл тұрғындарын қуантқан оң іс «Нұрлы жер – 2020-2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асты.