Ертіс ауданында облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдарға кіреберіс жолдар жөнделуде. Бұл жұмыстарды «Нұрал» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда.
Ауданның Кеңес, Қараөткел ауылына кіреберістегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыруға 97 млн теңге бөлінген. Жерді өңдеу жұмыстары қолға алынып, жаңа материал қосылған қиыршық тас төсемі түзетілген. Қазіргі уақытта асфальтбетон қоспасымен тегістеліп, жол жиектері қиыршық таспен нығайтылуда.
Т.ӘБІЛДА.