Ақтоғай ауданында қансорғыш жәндіктермен күресу жұмыс-тары басталды. Биыл әуе көлігі арқылы 17 елді мекенді өңдеу жоспарланып отыр.

Аудан әкімдігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, ауданға авиаөңдеу жүргізу үшін «Бактицид» биопрепаратының бірінші партиясы келіп түсті.

– Ақтоғай ауылының аумағында қансорғыш жәндіктермен күресу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Атап айтқанда, биологиялық препаратты аралас-тыру процесі жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «ВИК-ЛТД» мердігерлік ұйымы орындайды. Ал ғылыми сүйемелдеуді «Биосфера» ЖШС жүзеге асырады, – делінген ақпаратта.

Осы жылы авиаөңдеудің жалпы көлемі ұлғайып, 20 мың гектарды құрады. Нәтижесінде Өтес ауылынан бастап Қараой ауылына дейінгі барлық жағалау аймақтары қамтылады. Дезинсекциялық жұмыстардың тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық сәттер мұқият қарастырылды.

 

Өз тілшіміз.