Екібастұз қаласында көптен бері жөндеуді күткен білім беру мекемелері баршылық. Биыл олардың бірқатары толықтай жаңғыртылып, заман талабына сай жөндеуден өтпек.

Бүгінде кеншілер шаһарында 90-ға жуық білім беру мекемесі бар. Олардың бірқатарының материалдық-техникалық базасы ескірген. Ғимараттардың өзі де «жүдеп» тұр. Сондықтан жергілікті биліік биылдан бастап оқу орындарын кешенді түрде жаңартуға білек сыбана кіріспек.

Айталық, биыл облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл сомаға 15 мекемені жөндеу жоспарланған. Таяуда қала әкімі Аян Бейсекин оқу орындарын жаңғыртуға жауапты мердігерлермен кездесіп, олардың алдына нақты міндет-межелерді белгіледі.

– Білім беру мекемелерін тиісті стандарттарға сай жабдықтау – басты мәселе. Бұл ретте жұмыстардың барысын қадағалау да қатаң болмақ. Жөндеу жүргізілетін мекемелерде еңбек ресурс-тарымен, сапалы құрылыс материалдарымен қамтуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестесінің сақталуы да маңызды. Сол себепті авторлық және техникалық бақылауға нысандарға күн сайын барып, атқарылған жұмыстар есебін жүргізу жүктеледі. Ал мердігер ұйымдар оқу жылы басталғанға дейін белгіленген істің барлығын сапалы әрі уақытылы атқаруы керек, – деді шаһар басшысы.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.