Интернеттегі бір ғана пікір, репост немесе жарияланымның өзі елеулі құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Цифрлық кеңістікте әрбір пайдаланушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны таратушы да болып табылады. Сондықтан заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын, ал виртуалды орта кез келген пікірді еш салдарсыз жариялауға болатын кеңістік емес екенін есте ұстаған жөн.
Бұл ретте Қазақстан Респуб-ликасы Қылмыстық кодексінің 174 және 180-баптарына ерекше назар аудару қажет. Аталған баптар қоғамдық келісімге, қауіпсіздікке және еліміздің аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.
Бұл бап алауыздықты қоздыруға, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, діни сезімдерді қорлауға, сондай-ақ қандай да бір топтың өзгелерден айрықшылығын немесе артықшылығын насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттерді қамтиды. Мұндай әрекеттер, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн платформаларды пайдалану арқылы да жария түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Күнделікті өмірде бұл мәселелерге қатысты жарияланымдар мен пікірлерге ерекше жауапкершілікпен қарау қажет екендігін білдіреді. Белгілі бір ұлттың немесе діннің өкілдеріне қатысты қорлайтын сөздер айту, сондай-ақ өшпенділік пен алауыздықты қоздыратын материалдарды тарату қылмыстық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы сепаратистік әрекеттерге қатысты жауапкершілікті көздейді. Бұл бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауға бағыт-талған.
Мемлекеттің тұтастығын бұзуға, аумағын бөлшектеуге, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға немесе конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған материалдарды тарату және осындай әрекеттер жасау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Сондықтан өңірлердің бөлінуіне шақыру, сепаратизмді ақтау және елдің аумақтық тұтастығына күмән келтіретін арандатушылық сипаттағы карталар мен өзге де материалдарды тарату құқықтық тұрғыдан ерекше сақтықты талап етеді.
Интернеттегі құқықтық сауат-тылық қарапайым дағдылардан басталады. Қандай да бір ақпаратты жарияламас, өзгелерге таратпас немесе қолдамас бұрын оның мазмұны мен ықтимал салдары туралы ойланған жөн.
Ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, тексерілген дереккөздерге жүгіну және желідегі әрбір әрекетіміз үшін жеке жауапкершілік бар екенін есте сақтау маңызды. Виртуалды кеңістік заң талаптарын жоққа шығармайды.
Ақпараттық гигиена — бұл тек шынайы мәліметтерді күмәнді ақпараттан ажырата білу ғана емес, сонымен қатар өз сөздері мен жарияланымдарына жауапкер-
шілікпен қарау. Әрбір пайдала-нушының сақтық танытуы қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
Өз тілшіміз.
