Ақтоғай ауданы Қараоба ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Бүгінде нысанның шатыры мен ішкі әрлеуді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі Қаршыға Арынов жуырда аталған нысанның жөндеу бойынша жобаның авторлық қадағалауын жүзеге асыратын өкілмен және мердігермен кездесті. Кездесуде мердігер күрделі жөндеудің егжей-тегжейлі жоспарларын ұсынды.

Күрделі жөндеу облыстық қаражат есебінен қаржыландырылады. Жұмыстарды «NamysStroy» ЖШС мердігері атқарады. Жөндеу жұмыстарын осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы басталған спорт кешенінің жөндеу жұмыстарын осы жылдың маусым айының басына дейін аяқтау көзделген.

 

А.БОРАНБАЕВА.