Орманды қорғау – ортақ іс!

Там 27, 2026

Шарбақты ауданында алқапты орманды өрттен қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы бағытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Ертіс орманы» резерватының өкілдерімен бірлесіп, орман қоры аумағында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

Мамандардың айтуынша, басты мақсат – орман өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау.

Рейд барысында халық жиі демалатын және өрт шығу қаупі жоғары учаскелер тексеріліп, демалушылар, жергілікті тұрғындар мен орманға жақын орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жасалатын іс-әрекеттер көрсетілген жадынамалар таратылды.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, орман өрттерінің басым бөлігі адам факторынан туындайтын көрінеді. Сондықтан орманда от жағуға, сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңке тастауға және өрт қаупін тудыратын басқа да заттарды қалдыруға болмайды. Орманды қорғау – ортақ іс, дейді мамандар.

Н.ШОДЫР.

Шарбақты ауданы