Қауіпсіздік қадағалануда

Шіл 23, 2026

Аптап ыстықта шабындықта, алқаптарда абайсыз әрекет, қауіпсіздікті сақтамау құрғап тұрған шөптің лап беруіне әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан ақсулық төтенше жағдай жөніндегі бөлім мамандары ауыл шаруашылығы техникаларының иелеріне қауіптің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақсу қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің мәліметінше, мамандар техниканы пайдалануда механизаторлар мен жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, егіс алқаптарында жұмыс жүргізу кезінде барынша сақтық шараларына мән беру керектігін жеткізген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникаларының өрт сөндіргіштермен жабдықталу жағдайын, олардың жарамдылығын және техникалық жағдайын тексерген. Техникада алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы әрі олардың ақаусыз, кез келген сәтте кәдеге жарайтын қалыпта тұруына мән берген. Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығы жұмыстары науқанында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

АҚСУ ҚАЛАСЫ