Қоғамдық тәртіп талқыланды

Қыр 24, 2026

Ақтоғай ауданы әкімдігінде антитеррористік және ведомство-аралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ақпарат құралдарында оның алдын алу бағыттарын насихаттау мәселелері қаралды.   

Сонымен қатар, мал ұрлығына қарсы күрес, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауданның автожолдарын мобильді байланыспен қамту, терроризм тұрғысынан осал білім беру ұйымдарының қорғалу деңгейі, азаматтарды жұмыспен қамту, діни экстремизмнің алдын алу және әскерге шақырылушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы