Жақында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Оған өз біліміне сенімді 30 педагог қатысып, бақ сынады.
Сайыс шарты бойынша қатысушылардың оқыту тілін-дегі портфолиосы, сабақтың бейнежазбасы және бейнехостингтерде орналастырылған бейнеролигі болуы тиіс. Осы талаптарды бұлжытпай әрі сапалы орындаған ұстаздар топ жарды.
Сонымен, байқау қорытын-дысы бойынша жоғары ұпай жинаған 5 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, 2 қаты-сушы номинант атанды. Атап айтар болсақ, бас жүлдені №35 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айбек Камил иеленді. Ал І орынды Б.Момышұлы атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Латыпова, ІІ орынды №17 мектептің тарих және география пәндерінің мұғалімі Бағлан Нұржанова, ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Шакиева мен №7 мектептің биология пәнінің мұғалімі Шыңғыс Молдасапар алды.
Жеңімпаздар мен жүлде-герлерді марапаттау рәсімі тамыз айында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің қорытынды кеңесінде өтеді. Жеңімпаздар облыстық байқауға қатысатын болады.
Нұржайна ШОДЫР