Бүгінде елімізде амалдың жоқтығынан банктерден несие алып, кейін оны өтей алмай жүргендердің қарасы қалың. Оның басты себебі — қаржыны тиімді жұмсау біліктілігінің жоқтығы. Осы бағытта халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы біздің аймақта өз жұмысын бастады.
Айдана БОРАНБАЕВА
Аталған пилоттық жоба аясында сала мамандары жылдың соңына дейін облы-сымыздың 7 мыңға жуық тұрғынына қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, онда несиесін уақытылы өтей алмай жүрген азаматтарға басымдық берілмек.
Жуырда осы жоба аясында павлодарлық тұрғындарға бескүндік қаржылық сауаттылық курстары бастау алды. 5 күндік курс барысында жобаға қатысушылар бизнес-жоспар жазуды меңгеруге де зор мүмкіндік алып отыр. Бұл өз кезегінде, енді ғана кәсіп бастап отырған азаматтар үшін тиімді болмақ. Мамандар бизнес-жоспарды үйретіп қана қоймай, бірлесе бастаған жұмыстарын жыл соңына дейін сүйемелдейтін болады.
Жоба шеңберінде бизнес-тренерлер отбасылық қаржыны тиімді жоспарлау туралы пайдалы кеңестерімен бөліседі. Сондай-ақ, банктермен келісім-шартқа отырғанда ескеру қажет мәселелерді кеңінен түсіндіреді.
«АMANАТ» партиясы Павлодар облыстық фили-алының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікованың айтуынша, «Қарызсыз қоғам» жобасы республика бойынша жүзеге асуда. Бүгінде өңірі-мізге бизнес-тренерлер шақырылды. Қаржылық сауат-тылық курстарының негізгі қатысушылары — көпбалалы және төлем мерзімі 90 күннен асқан қарызы бар азаматтар.
– Жыл ішінде бизнес саласының өкілдері кем дегенде шамамен 6 500 адамды оқыта алады. Облыс-
тың барлық он ауданы мен үш қаласын қамтитын кесте жасалды. Бірінші кезеңде теориялық, екінші кезеңде практикалық бөлім болады, —
дейді А.Мәлікова.
Бұл жоба ешкімнің несиесін жауып бермейді! Дегенмен қолда бар қаржыны тиімді жұмсап, банк алдында берешегі бар азаматтарға қарызынан құтылудың жол-
дарын айқындап береді.
— Өкінішке қарай, көпші-лігімізге мәжбүрлі түрде несие алуға тура келеді. Кейбірі бір қарызын өтемей жатып, екіншісін алуға асығады. Олардың арасында келісімшартты мұқият оқымай, онлайн түрде несиеге өтініш беретіндер де бар. Соның салдарынан қарызға белше-
сінен батады. Бұл, әрине, халықтың қаржылық сауат-тылығының төмен екенін көрсетеді. Осы курс барысында жобаға қатысушылар несиеге қатысты маңызды сауалдарына жауап алады. Нәтижесінде тұрғындарға құқықтық әрі қаржылық көмек көрсетеміз. Әсіресе, несие алғаннан соң қарызды қайтарудың дұрыс жолдарына бағыттауға тырысамыз, — деп атап өтті бизнес-тренер Диас Азданбеков.
Оның айтуынша, курстардың авторлары адамдардың алдымен минус деңгейінен нөлдік деңгейге өтуін, кейін кірісі мен жинақтарын көбейту жолдарын айтады.
Айта кету керек, «Қарызсыз қоғам» жобасы — халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен «Halyk Bank»-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша бере-шегі бар тұрғындар, қарызды қайтару уақыты 90 күннен асып кеткен азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға ниетті кәсіпкерлер оқудан өте алады.