Биылғы құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінетін болады. «Бәйтерек» холдингі құрғақ-шылықтан зардап шеккен шаруалардың кредиттері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет. Жалпы, жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды», — деп тоқталды Әлихан Смайылов. Бұған қоса Премьер-Министр биыл мал азығын дайындау мен суару жүйелеріне  арналған техника алу үшін «ҚазАгроҚаржы» компа-ниясының жарғылық капиталын ұлғайту үшін 20 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып, өңір әкімдіктері қамбаларды әзірлеп, жаңа өнімді қабылдауға дайын болуы тиіс екенін ескертті. «Республика бойынша ас-
тық сақтауға арналған қамбалардың жалпы сыйымдылығы — 29,9 млн тонна. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,1 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,8 млн тонна. Сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті. Облыстар әкімдіктері астық қоймаларының жаңа өнімді қабылдауға дайындығын қамтамасыз етуі қажет», — деп тоқталды Ербол Қарашөкеев. Еске салайық, биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Бүгінде оның 2,4 млн гектарынан өнім алынды.

 Н.Қанатбекұлы.

.