Достық үйінде Республика күніне орай «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» атты ХХІІ облыстық патриоттық әндер фестивалі өтті. Жастарға қолдау көрсету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестіктері атсалысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальжастардың бойында отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу, этнос өкілдері арасында рухани бірлік пен этносаралық келісім идеяларын тарату, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу және этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған.
– Мен 13 жасымнан бері қазақ тіліне қызығып, үйрене бастадым. Бүгінгі таңда Ассамблеяда ұйымдастырылатын барлық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. Осы байқау арқылы мемлекеттік тілді дәріптеуді мақсат етіп отырмыз, – деді Әзербайжан қоғамдық бірлестігінің өкілі Элвин Магарамов. Фестивальге облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар ұжымдары атсалысып, 12 вокалдық ансамбль мемлекеттік тілде патриоттық әндер шырқады. Фестивальге «Соманг» корей этномәдени бірлестігінің «Самульнори» барабаншылар ансамблі, «Нұр Ана әлемі» бірлестігінің «Нұр болашақ» вокалдық тобы, неміс этномәдени бірлестігінің «WIR» вокалдық ансамблі, Белорус этномәдени бірлестігі «Надзея» ұлттық вокалды ансамблі, «Туған жер» вокалдық ансамблі Финоугор этномәдени бірлестігі, Поляк этномәдени бірлестігінің «Нарцыз» вокалдық ансамблі грек этномәдени бірлестігінің «Нэос» вокалдық ансамблі, украин этномәдени бірлестігі «Лілея» вокалдық ансамблі, славян мәдени орталығының «Поречье» вокалдық ансамблі, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Мирас» халық вокалдық ансамблі, вокальный ансамбль «Сперанце» румын-молдаван этномәдени бірлестігінің вокальный ансамбль «Эребуни» армян этномәдение бірлестігі атсалысты. Мерекелік шараны Ассамблея жастары «Атамекен» әнімен түйіндеді. Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған шара барысында ел Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан Республикасында меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы, «Қоғамдық келісім» медиа қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлжанат Иманғазы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев, Павлодар қалалық қоғамдық кеңесінің хатшысы Гүлнар Камалова, аталмыш қоғамдық кенесі мүшесі Нұрсипат Уәлитденова, «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының директоры Гаухар Омарова, «Қамқор» көмек және оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Сәрсембаева, «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Дана Байжанова, «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Рамиль Смаилов, «New vision team» қоғамдық қоры менеджері Жанар Әйткенова мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, полиция подполковнигі, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Темірғалиева, кәсіпкер Жамиля Эрназарова облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» атты ХХІІ облыстық патриоттық әндер фестиваліне қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Т.ӘБІЛДА.