Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1992 жылы алғашқы Мемлекеттік Рәміздерін бекітті. Байқау нәтижесінде Әнұранның авторлары болып ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ақын — Қадыр Мырзалиев, Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев бекітілді. Мемлекеттік Ту авторы өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков атанса, Мемлекеттік Елтаңба авторлары болып сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов таңдалды. Осы орайда алғашқы Рәміздердің авторлары бейнеленген, облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақталған мына тарихи суреттің бағасы жоғары.
Бірінші қатарда: ақындар Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева, М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев. Екінші қатарда: Ж.Мәлібеков, Ш.Ниязбеков, Ш.Уәлиханов.