Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1992 жылы  алғашқы Мемлекеттік Рәміздерін бекітті. Байқау нәтижесінде Әнұранның авторлары  болып ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ақын – Қадыр Мырзалиев, Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев бекітілді. Мемлекеттік Ту авторы өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков атанса,  Мемлекеттік Елтаңба авторлары болып сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов таңдалды. Осы орайда алғашқы Рәміздердің  авторлары бейнеленген,  облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақталған мына тарихи суреттің бағасы жоғары.

Бірінші қатарда: ақындар Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева, М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев. Екінші қатарда: Ж.Мәлібеков, Ш.Ниязбеков, Ш.Уәлиханов.