Парламент Сенатының депутаттары Алтынбек Нухұлы және Ернұр Әйткенов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Халық қалаулылары облыс орталығындағы жылу-электр орталықтарының жұмысымен танысты.
– Екібастұздағы апаттан кейін жылу маусымына дайындық шаралары жүйелі жүргізілгені абзал. Павлодар өңірінен арнайы
сайланған депутат ретінде осы мәселені көтеруді жөн көрдім. Облыс әкімімен кездесіп, мәселелердің басын ашып, талқыла-
дық. Бұл мәселе тек Павлодар қаласы емес, Екібастұз, Ақсу қалаларын да қамтиды. ЖЭО-дағы жоспарға сай уақытылы жұмыстар жүргізілуде. Егер де қаражат немесе басқа да жетіспеушіліктер болса, депутат ретінде бұл мәселені көтеруге уәде бердік, – деді Алтынбек Нухұлы.
Ернұр Әйткенов жұмыстар ойдағыдай өткізіліп жатқанын атап өтті.
– Павлодар қаласының жылу орталықтарын тексергеннен кейін Ақсу, Екібастұз қаласындағы жылу мәселелерін қарастыратын боламыз. Павлодар облысындағы жылу-электр орталықтарына мемлекет қаржы бөлді. Бүгінде дайындық жұмыстары жеделдетілген қарқынмен жүріп жатыр. Жылыту маусымына дейін барлық жұмыстар сәтті аяқталып, маусым ойдағыдай өтеді деп үміттенемін, – дейді Ернұр Әйткенов.
«Павлодарэнерго» ЖШС бас инженері Вадим Лесиннің хабарлауынша, биыл №1 қазандықты күрделі жөндеу және №3 қазандықты кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, турбиналық цехты жөндеу қарастырылған.
– Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде, яғни жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады. Станцияда еңбек жағдайлары жақсарып, энергетиктердің жалақысы көтері-луде, – деді ол.
Бұдан кейін Аққулы ауданына барды. Сапар барысында Ямышев ауылдық округінің Тілектес ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен ұзындығы 0,8 км кірме жолды орташа жөндеуге 33,6 млн теңге бөлінген. Жұмыстарды «ExtraClass» ЖШС кестеге сәйкес жүргізуде.
Сондай-ақ, халық қалаулылары Ямышев ауылдық округінің Қызылқоғам ауылындағы су құбырын салу жобасымен танысты. Тиісті жұмыстар биыл сәуір айынан басталған. Жобаны тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Жоба құны – 352,1 млн теңге.
Депутаттар «Ертіс су» жеке кәсіпкерлігіне де барды. Кәсіпкер өткен жылдан бастап ауданға 500 млн теңгеден астам
инвестиция салды. Қазіргі уақытта өсімдік шаруашылы-ғымен айналысады. Болашақта мал шаруашылығын дамыту жоспарлануда. Кәсіпкер В.Демченко сенаторларға магистральдік құбырларды салуға және суару машиналарын сатып алуға субсидиялар төлеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.
Сенат депутаттары Жамбыл ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Жоба
аясында Жамбыл орта мектебіне, ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу және 5 ауылішілік жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл орта мектебіндегі жұмыстар оқу жылы басталғанға дейін аяқталмауы мүмкін. Сондықтан бұл нысандағы жұмыстар ерекше бақылауға алынды.
Оралхан ҚОЖАНОВ.