Облыстық мәслихатқа «Ауыл» партиясынан үш депутат енгенін білесіздер. Олар – Болат Аманжолов, Нағимаш Жүсіпова және Саят Елғонденов. Міне, осы үш азамат бірігіп, мәслихатта «Ауыл» партиясының фракциясын құрды.

 

Партияның облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында осындай шешім шығарылыпты. Депутаттық топқа Болат Аманжолов жетекшілік етеді. Бұл «AMANAT» партиясы фракциясынан кейін құрылған екінші фракция болып отыр. Бұл жұмыстар облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченконың жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынып отыр.

Фракция жұмысы халықтың жағдайын жақсарту бағытында қызмет етпек. Мұндай шешім облыстық мәслихат тарапынан қолдау тапқан.

Айта кетейік, мәслихаттың сегізінші шақырылымында 32 депутат сайланды. Олардың 23-і «AMANAT» партиясынан, үш депутат «Ауыл» партиясынан, екеуі «Aq jol» партиясынан, екі депутат «Respublica» партиясынан, Қазақстан халық партиясынан бір депутат сайланды және біреуі өз-өзін ұсынған болатын.

Г.МАҒЖАН.