Қазақстандағы сайлау учаскелерінің 90 пайыздан астамы мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді.
Азаматтардың қажеттілігіне қарай сайлау учаскелерінде мынадай жағдайлар қарастырылған:
* пандустар немесе көтергіш құрылғылар;
* көмек шақыруға арналған батырмалар;
* тактильді көрсеткіштер;
* қажетті ені сақталған есік ойықтары;
* жеткілікті жарықтандыру;
* автокөлік қоюға арналған орындар;
* көру және есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы құралдар;
* Брайль қарпімен жазылған ақпараттық материалдар;
* ымдау тілі мамандары мен тифлосурдоаудармашылардың көмегі.
Дауыс беру күні жергілікті атқарушы органдар инватакси қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар мүгедектігі бар азамат өз сайлау учаскесінің қолжетімділігі және онда қарастырылған мүмкіндіктер туралы ақпаратты алдын ала алады.
