Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығы – пандемия кезінде қысқа мерзімде салынған модульдік госпиталь. Бүкіл әлемді дүрліктірген дерттің беті қайтқан соң бірнеше корпустан тұратын нысанның басым бөлігі бейімделіп, қазір мұнда жұқпалы аурулар бөлімшесі жұмыс істейді.

Медициналық мекеме жалпы ауданы 6 800 шаршы метр болатын бірнеше корпустан тұрады. Коронавирус инфекциясына
шалдыққан науқастарды емдеуге арнайы салынған нысанның жобалық қуаты – 200 орын. Оның ішінде интенсивтік терапия
жүргізуге арналған 20 орындық реанимация бөлімшесі, шағын операциялық бөлме, зертхана, экспресс-зертхана, компьютерлік томограф, сандық рентген-аппаратпен, рент-генография, ультра-дыбыстық зерттеу, электрокардиография және бронхоскопия кабинеттері, өкпені жасанды желдету аппараттары бар.
Стационардың модульдік блоктарында жеке санитариялық тораптары бар екі орындық палаталары желдету және оттегі беру
жүйесімен жабдықталған. Қазіргі уақытта нысан толық қуатында жұмыс істемегенімен, оның заманауи материалдық-техникалық базасы сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың инфекционист дәрігері Қымбат Темірбекқызының айтуынша, ересектерге
арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінде қала-аудандардан жұқпалы ауру-ларға шалдыққан жандар ем-
деледі. Мәселен, Ақсу қаласында жұқпалы аурулар бөлімшесі болма-ғандықтан, науқастар осында келіп ем-дом алады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемесінде кеңестік-диагностикалық қызмет те көрсетіледі. Қабылдау тәулік бойы жүргізіліп, жедел жәрдеммен немесе өз бетінше келген науқастар ем қабылдайды. Бүгінде мұнда 25 адам түрлі жұқпалы аурудан емделуде.
— Жұқпалы аурулар бөлімшесінде жүкті әйелдер жүктіліктің 33 аптасына дейін емделеді. Акушерлік потологиясы басым болған жағдайда перинаталдық орталыққа жіберіледі. Жұқпалы аурулар бөлімшесі күндіз-түні жұмыс істейді. Шетелден келген науқастар ауру жұқтырса, тегін емделеді, — дейді Қымбат Қазкенқызы.
Қазір медициналық мекемеде 6 дәрігер, 10 медбике, 11 кіші медициналық қызметкер, 1 рентгенолог маман жұмыс істейді. Қала сыртында орналасқан мекеме қызметкерлерін таңертең және кешке арнайы көлік тасымалдайды. Сонымен қатар, мұнда
қатынайтын қоғамдық көліктер де бар.
Медициналық мекеменің білікті мамандары ішек инфекциялары, А, В, С вирустық гепатиттері, жедел респираторлы вирустық инфекция, кене шағуымен берілетін инфекция-лардан емдейді. Бұл ауруларды жұқтырмау үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтау қажет. Сондай-ақ, қайнаған су ішіп, жеміс-жидектер мен көкөністерді жақсылап жуып, пайдалану қажет, кене шығатын кезде жабық киініп жүру керек. Ал кене шаққан адамның 1 апта немесе 10 күннен соң дене қызуы көтеріліп, денесінде қызыл дақтар пайда болса, бірден жұқпалы аурулар бөлімшесіне жүгінуі керек. А гепатитіне қолдың кірі, В және С гепатиттерін қан құю, ота жасау кезінде, косметологиялық процедуралар кезінде жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сондықтан осы шаралардан кейін науқас міндетті түрде В мен С гепатиттеріне анализ тапсыруы тиіс. Мамандар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге кеңес береді.

Торғын ОРАЗАЛЫ.