Павлодар облысында ТМККК аясында АИТВ инфекциясына тексеру және емдеу қызметтері қолжетімді

Шіл 17, 2026

Павлодар облысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша қызметтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында көрсетілуде. Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында халыққа АИТВ инфекциясына тестілеу және кеңес беру қызметтері тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, шетелге шығуға қажетті АИТВ инфекциясына тексеру нәтижелері көрсетілген сертификаттар беріледі.

Халықтың негізгі топтарына профилактикалық және медициналық-әлеуметтік көмек сенім пункттері мен достық кабинеттерінде ұсынылады. Мұнд а жеке қорғаныс құралдары таратылып, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды анықтау және емдеу қызметтері көрсетіледі.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек, психологиялық-әлеуметтік, заңгерлік және медициналық консультациялар, сондай-ақ диспансерлік бақылау қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастырылған. Пациенттер антиретровирустық терапиямен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, АИТВ-мен байланысты ауруларды диагностикалау, емнің тиімділігін зертханалық бақылау, сондай-ақ көрсетілімдер болған жағдайда байланысқа дейінгі (PrEP) және байланыстан кейінгі (PEP) антиретровирустық профилактика жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 2889 адам мемлекеттік қолдау аясында антиретровирустық терапия қабылдап жатыр.

2026 жылдың алғашқы алты айында иммундық статусты анықтау бойынша 2865 зертханалық талдау және емнің тиімділігін бағалау үшін 3217 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің барлығы дерлік, 100% АИТВ инфекциясына тексеруден өтті. Жыл басынан бері жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жөніндегі достық кабинетінде 1595 адам кеңес алды. Оның ішінде 19 адам байланыстан кейінгі профилактика курсынан өтті. Бұдан бөлек, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыс аудандарында жұмыс істейтін 14 сенім пунктіне 22806 адам жүгінген.

Мамандардың айтуынша, АИТВ инфекциясының таралуын төмендетуде және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруда қоғамның қолдауы ерекше маңызды. Әрбір адамның АИТВ-ға тексерілуге, уақытылы ем қабылдауға, әлеуметтік бейімделуге және еңбек етуге деген құқықтарының сақталуы індетпен күрестегі басты қағидалардың бірі болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, адам құқықтарын қорғауды басым бағыт ретінде қарастыру арқылы
2030 жылға қарай АИТВ инфекциясын қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіп ретінде жою мақсатына қол жеткізуге болады.

Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының  алдын алу жөніндегі орталығы.

№25041438 лицензиясы 31.12.2025 жылы берілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі №25041438 лицензиясы 31.12.2025 жылы берілген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.