8 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы ауру-
лардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Онда жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларын қолдануы, антисептиктерді пайдалану, халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және ЖРВИ-дің алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілген.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық басқармалары, ірі қалалар және аумақтық департаменттердің, денсаулық сақтау басқарма-ларының басшылары персонал мен келушілердің медициналық ұйымдарда маскаларды пайдалануын қамтамасыз етуге тиіс. Бөлмелерде антисептиктер болуы керек.
Облыстық санитарлық-эпиде-миологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, ауа тамшылары арқылы таралатын қызылша, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуда бетперде киюдің маңызы зор. Сондықтан адамдар көп жиналатын орындар – әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрларда, кинотеатрларда, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде және т.б. көліктің барлық түрлерінде қоғамдық көлік, әуе, теміржол ұсынымдық сипатта медициналық немесе мата маскаларын пайдалану ұсынылады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Т.ӘБІЛДА.