Медицина саласында кәсіби маман қабылдауына бармаса да, медициналық қызмет «көрсетілген» адамдарды тіркеуге байланысты жалған ақпараттар көбейген. «DAMUMED» қосымшасына түскен қисынсыз хабарламалар тұрғындардың наразылығын туғызуда. Арнайы мониторингтік бөлім медициналық ұйымдардағы осындай заңсыздықтарды тексеруде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Жангелді Шайымбетов мәлім етті.

– Науқастармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде меди-
циналық жазбаларда сәйкес-сіздіктер, яғни «расталмаған жағдайлар» анықталады. Жеке медициналық ұйымдар науқас қабылдауға келмесе де, «Damumed» қосымшасында оны келді деп тіркеген жалған жазба қалдырады. Былтыр осындай 788 факт тіркелді, –деді Ж.Шайымбетов.

Жүйедегі осы тектес ақауларды арнайы мониторингтік бөлімнің мамандары анықтауда. Тұрғындар «жалған қабылдаудан өткені» туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласып, мәлімдеп отырады.

Тұрғындар медициналық құжаттарында «расталмаған жағдайлар» фактілерін анықтаған жағдайда қордың медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшаларында кері байланысында қалдыра алады. Медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1414 қысқа нөмірі немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласуға болады.  Басқа да сұрақтар туындаған жағдайда қор филиалы басшысының WhatsApp желісіне 8 (707) 559-46-50 немесе 70-41-23, 70-41-24 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Өз тілшіміз.