Иммундау шеңберінде 30 мыңнан астам адам екпе  алды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, 5 ақпандағы жағдай бойынша инфекциялық сырқаттанушылық мониторингінің қорытындысына сәйкес, 2023 жылдың наурыз айынан бастап облыста қызылшаның 953 жағдайы тіркелді. 

Облыс бойынша 2024 жылдың 1 қаңтары мен 4 ақпаны аралығында 349 жағдай есепке алынды. Оның ішінде Павлодар қаласында 408 жағдай, Екібастұз қаласында 241 жағдай, Ақсу қаласында 196 жағдай тіркелген. Аудандар арасында ең жоғары сырқаттанушылық Баянауыл (43) және Павлодар (20) аудандарында, ал Тереңкөл және Железин аудандарында 12 жағдайдан, Успенде 6, Шарбақтыда 7, Май ауданында 4, Аққулы ауданында 2, Ертіс және Ақтоғай аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелген.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне қарағанда, ауырғандардың арасында бір жасқа дейінгі 131 сәби, 14 жасқа дейінгі 562 бала және 44 жасөспірім бар. Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі ата-аналары екпе салдырудан бас тартқан, екпе алмаған балалардың есебінен қалып-тасады. Олардың үлесі ауру жұқтырған балалар санының 90 пайызын құрайды.

Өткен жылдың 6 қарашасы мен биылғы 4 ақпан аралығында облыс бойынша қосымша иммундау шеңберінде 30 767 адам екпе  алды. Бұл жоспардың 70,2 па-
йызын құрайды. Мамандардың айтуынша, қызылша ауруын жұқтырғандардың негізгі тобын құрайтын балалардың екпе алу  көрсеткіші төмен. Алты айдан он айға дейінгі 2361 бүлдіршін және екі жастан төрт жасқа дейінгі 16879 бала екпе алған. Иммундау науқаны одан әрі жалғасуда.

Бетті әзірлеген – Торғын ОРАЗАЛЫ.