Биыл қазақ археологиясының негізін салушы, көрнекті тарихшы ғалым, академик Әлкей Марғұланның туғанына — 120 жыл. Осыған байланысты Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде жыл бойы түрлі шаралар ұйымдастырылып, ғалымның шығармашылық мұрасын насихаттауға, дәріптеуге арналған конференциялар өткізілетін болады.
Павлодар педаго-гикалық университетіне Әлкей Хақанұлы Марғұланның есімі 2022 жылдың қараша айында ресми түрде берілді. Бұл Ертіс-Баян өңірі ұстаздар ордасының 60 жылдық мерейтойына жасалған ең үлкен тарту болған еді. Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы да ерекше қуанышпен қабылдап, үлкен жауап-кершіліктің жүктелгенін сезінді. Бүгінгі таңда университеттің оқыту-шылары мен студенттері түрлі өңірлерде болатын шараларға, жарыстарға барғанда Марғұлан университетінің өкілі екенін мақтанышпен айтып, университет намысын абыроймен қорғауға тырысады. Бұл біздің әріптестеріміз бен студенттеріміздің бұрынғыдан да үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашып, шабыттандыра түсті.
Біз академик Әлкей Марұланның биылғы 120 жылдығын мерекелеуді өткен жылдың соңында бастап кеттік. Себебі бұл — біз үшін үлкен мәртебе және асқан жауапкершілік. Бұл — біздің университет үшін ғана емес, бүкіл Павлодар, Ертіс өңірі үшін маңызды оқиға. 2023 жылдың аяғында университет ауласында ғалымның ескерткіш-мүсіні орнатылды. Мүсіннің ашылуына арналған салтанатты іс-шараға Ә.Х.Марғұлан атындағы халықаралық қордың төрайымы, медицина ғылымдарының кандидаты, академиктің қызы Дәнел Марғұлан, облыс әкімдігінің өкілдері, шығармашыл зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айта кету керек, тарихи туындының авторы Қазақстан көркемөнер академиясының академигі, Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Мансұров. Мүсін қоладан құйылған, биіктігі 3,5 метрді құрайды. Қоладан құйылған алып мүсіннің түр сипаты және автордың шеберлігі академиктің ұрпақтары мен туыстарының да көңілінен шықты. Ескерткіш-мүсіннің ашылуына келген академиктің ұрпағы Дәнел Әлкейқызы өз сөзінде әкесінің ескерткішін көрген сәттен ерекше әсер алғанын айтып, ғалымға көрсетілген айрықша құрмет пен тағзым үшін университет ұжымына ризашылығын білдірді.
Өткен жылдың мамыр айында Марғұлан университеті жанындағы архео-логиялық зерттеулер институтының ішінде «Марғұ-лантану» оқу-зерттеу кешені жұмыс істей бастаған болатын. Бүгінгі таңда аталған орталықта академиктің ғылыми мұрасын жинау, зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, университеттің оқу бағдар-ламасына «Марғұлантану» пәні енгізіліп, 1-курс студенттеріне оқытылуда. Бұл әлемге әйгілі археологтың, қазақтың маңдайына біткен ұлы ғалымның өмірін, ғылым жолындағы қызметін және шығармашылық еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттауға үлкен мүмкіндік берді.
Биыл ғалымның мерейтойына орай университеттің бастамасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, мамыр айында халықаралық конференция өтіп, оған елімізден және шет мемлекеттерден танымал ғалымдар шақырылатын болады. Сонымен қатар, осы жылы «Марғұлантану» ғылыми журналын да шығаруды бастаймыз. Бұдан өзге де үлкенді-кішілі түрлі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Жанбол ЖИЛБАЕВ, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор.