• 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлағаны үшін «Ленин» орденімен марапатталды;

*  *  *

  • 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Сол жылы «Жезқазған ауданының
    кен орындары» ғылыми еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды;

*  *  *

  • 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды;

*  *  *

  • 1944 жылы «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілді;

*  *  *

  • 1945 жылы тыл ресурстарын жұмылдырғаны үшін екінші «Ленин» орденімен және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды;

*  *  *

  • 1957 жылы Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдыру үшін үшінші «Ленин» орденімен марапатталды;

*  *  *

  • 1958 жылы Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар тобы Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық бол-
    жамдық карталарын құрғаны және әдістемені әзірлегені үшін Ленин сыйлығына ие болған;

*  *  *

  • 1963 жылы Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төр-

тінші «Ленин» орденімен марапатталды.

Ғалым есімі берілген нысандар

Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі бірқатар білім беру меке-мелеріне, кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстанның қалаларындағы көшелерге және өзге де нысандарға берілген. Сонымен қатар, Алатау жотасының биік шыңы мен мұздығы, Қаратау жотасында орналасқан ванадий кенінің рудасынан табылған жаңа минерал – сәтбаевит Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Сол арқылы ғұламаның есімі мен еңбегі мәңгілік ел тарихында сақталмақ.

Атап айтар болсақ:

Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты;

Сәтбаев ғаламшары;

Сәтбаев қаласы;

Сәтбаев көшесі (Алматы);

Сәтбаев көшесі (Астана);

Академик Қаныш Сәтбаев көшесі (Павлодар);

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы қаласы;

Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;

Сәтбаевтың мұздығы;

«Сәтбаевит» минералы;

«Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі бар.

Павлодар облысында:

Қаныш Сәтбаев атында 40 көше;

1 ауылдық округ;

1 ауыл;

4 мектеп;

2 сквер;

1 музей;

1 жоғары оқу орны;

1 су каналы бар.