Аудан бойынша мал азығын дайындаудың негізгі бөлігі Ертіс өзенінің шабындық жерінде өтуде. Оған 325 техника және қосалқы жабдықтар жұмылдырылды.

2024-2025 жылдарға қысқы мерзімге жалпы 39,1 мың шартты мал басы кіреді. Оларға қажетті мал азығы — 173,6 мың тонна. Осы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты 173,7 мың тонна, бір жарым жылдық мал азығын дайындау жоспарланған.

2024 жылы шабындықтардың жоспар-ланған ауданы 106 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде тоғай шөбі 40,2 мың гектардан, көпжылдық шөп 13,8 мың аумақтан, біржылдық шөптер 18,6 мың гектардан және шабылмалы жайылым 33,2 мың гектардан жиналады. Бүгінде 150,1 мың тонна мал азығы дайындалды. Тасымалданғаны — 115 мың тонна.

Жалпы, аудан бойынша 76 қыстақ орны бар. Оның 26-сы Ақшиман ауылдық округіне тиесілі.

А.БОРАНБАЕВА.