Жуырда аудан орталығында «Планета» дүкені ашылды. Бұл күні келушілерге ыстық палау таратылып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға дүкен иелері атынан тегін киім-кешек таратылды.

Аталмыш дүкенде ересектер мен балаларға қолжетімді бағада үйге қажетті киімдердің түр-түрі, аяқ киімдер де сатылады. Аққулыда үйге қажетті киімдер сатылатын шағын дүкендер бар. Бірақ жаңадан ашылған сауда орнының аумағы үлкен.

— Бұл орында бұған дейін дәмхана жұмыс істеген еді. Енді тұрғындар жиі жиналатын шағын базарға айналып отыр. Аудан орталығына осындай үлкен дүкен қажет болатын. Бастысы – бағасы қолжетімді. Сауда орнын ашқан кәсіпкерге алғыс айтамыз. Балаларыма жылы аяқ киім алғаныма ризамын, — дейді ауыл тұрғыны Толқын Қабиева.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.