Worker builds a brick wall

Ертіс ауылында Байсерке абыз көшесінде 3 қабатты екі тұрғын үй бой көтеруде. Нысанның құрылысына жауапты мердігер ауа райының суытуына қарамастан жұмысты жоспарлы жүргізуде.

Тұрғын үйлердің жалпы аумағы 4380 шаршы метрді құрайды. Мұнда ауыл тұрғындары үшін 72 пәтер салынуда. Жауапты мердігер «First National Gonstruction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 36 пәтерлі  алғашқы тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға жақын. Қазіргі уақытта 3-қабаттың терезесін орнату, төбеге шатыр жабу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы айда пәтер ішін әрлеу, сәндеу, электр желілерін тарту, су және жылу жүйелерін қосу жұмыстары қолға алынады.

Құрылысшылар желтоқсан айына дейін екінші тұрғын үйдің қабырғасын көтеріп, есік, терезелерін орнатып, төбесіне шатыр жабу жұмыстарын аяқтамақ.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.