Биыл Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі бассейнде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұндағы жоспарлы істің дені аяқталды.
Кентегі жұмыс барысын шаһар басшысы Аян Бейсекин тексеріп қайтты. Айтуынша, бүгінде инженерлік желілерді, сүзгіні, ауаны баптау және желдету жүйелері жаңартылып, шатыр мен қасбет ауыстырылды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жүргізіліп, терезе мен есіктер орнатылуда.
Атап өту керек, жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы өз мойнына алды. Тиісті істер аяқталған соң жергілікті тұрғындар мен ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері бассейнді пайдалана алады. Жалпы, спорт нысаны күніне 60-тан астам адамды қабылдауға қауқарлы.
Аян Бейсекин қауіпсіздік пен сапаны басты назарда ұстауды ескертті. Сонымен қатар, сауықтыру кешені тұрғындарға жайлы болуы тиіс екенін қадап айтты.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.