Бүгінде мемлекеттің қатысуымен  жергілікті кәсіпкерлерге қолдау  көрсетіліп, кәсіптің жандануына, дамуына серпін берілуде. Жыл басынан бері «Даму» қорының көмегімен 495 жоба субсидияланды. Мұндай мүмкіндіктің нәтижесінде қолда бар өндіріс орнын кеңейтіп, жаңа бизнес түрін қолға алған кәсіпкерлер де бар.

 

Жуырда кәсіпкерлерге бизнеспен, өндіріспен айналысуға мүмкіндік берген «Даму» қорының аймақтық филиалы бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламалары шеңберінде нәтижеге қол жеткізген ірі компанияларға баспасөз турын ұйымдастырды.

«Даму» қорының Павлодар облыстық филиалының дирек-торы Арсен Дүйсекиннің айтуынша, биыл аймағымыздағы шағын және орта кәсіпорын-дарына жалпы сомасы 70,1 млрд теңгеге қолдау көрсетілген. Бұл ретте барлығы 932 жоба қолдау тапты. Оның ішінде субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 48,4 млрд теңгеге 495 жоба, кепілдік беру бағыты бойынша 23,3 млрд теңгеге 437 жоба мақұлданды.

— «Даму» қоры субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікті қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта бизнеске  қолдау көрсетеді. Субсидиялау кәсіпкерлерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге және сәйкесінше ай сайынғы төлемді азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл кәсіпкерлерге үнемделген қара-жатты өз ісін дамытуға бағыт-тауға, кепілдік құралы кепіл болмаған кезде бизнесті ашуға немесе дамытуға несие алу үшін банктер талап ететін кепілдік бола алады. «Даму» қоры ұлттық даму институты бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта кәсіпорындардың сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл айтарлықтай экономикалық әсер беретіні белгілі, — деді филиал директоры.

Баспасөз туры барысында шара аталған қордан нақты көмек алып, өз істерін дөңге-летіп отырған кәсіпкерлердің ісіне куә болдық. Солардың қатарында «GRAND S Mont» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігі ашқан «AUROOM» хостелі бар. Аталмыш кәсіпорын 2018 жылдан бастап тұрғындарға жатын орын ұсынып, тамақтану қызметтерімен қамтып келеді. Мекеме әкімшілігінің қызмет-кері Татьяна Матвиенко  Нұркин көшесі, 72 үй мекенжайында  орын тепкен хостел тамыз айында ашылғанын айтады. Бар болғаны 2 айдың ішінде хостелді 300-ден астам адам паналаған.

Мұндай бизнес жобаны жүзеге асыру үшін серіктестік басшылығы «Центр Кредит» банкіне жүгінген. Нәтижесінде 22 миллион теңге сомасында несие  мақұлданып, «Даму» қорының көмегімен пайыздық мөлшерлемесі жылына 8 пайызға дейін төмендетілді.

Бүгінде «AUROOM» хосте-ліндегі 5 бөлмеде жалпы саны 26 төсек-орын орналасты-
рылған. Бір орынның құны тәулігіне 5500 теңге болса, хостелді 12 сағат паналаған адамдар 4 мың теңге төлейді. Қызметкер бизнес жоспарды құрастырған кезде Астана қаласындағы хостелдерінде келушілерге жасалған жағдай ескерілгенін айтады. Хостелде әр төсек-орынға кілті бар шкаф және ұялы телефонды қуаттауға, ноутбукты қосуға  мүмкіндік беретін розетка орнатылған. Мұндағы келушілерге ас үй ортақ. Тамақ әзірлеуге қажетті құрылғылардың бәрі бар. Сонымен қатар, жуынатын бөлме де заманауи үлгіде.

— Жұмысқа алғаш кіріскен кезде келушілер аз болады деп ойладық. Бірақ хостелді паналаушылардың саны күн сайын артуда. Көбінесе, Ресейден келген қонақтар, Астана және Алматы қаласынан іссапармен келген адамдар жиі орналасады. Шағын қонақүйде келушілер қатаң тексеруден өтеді. Ішімдікке мас болған, құжаты жоқ адамдар кіргізілмейді. Хостел жұмыс істеген екі айдың ішінде 400 адамды қабылдамадық. Әкімшілік қызметкерлерінің сөзіне бағынбаған адамдармен полиция жұмыс істейді, — дейді Т.Матвиенко.

Болашақта серіктестік «AUROOM» хостел бөлімшелерін Екібастұз және Ақсу қалаларында да ашуды жоспарлап отыр.

«Даму» қорының қолдауын көрген кәсіпорынның бірі – «Имсталькон» металл конструкциялары зауыты. Кәсіпорын құрылысқа арналған және технологиялық металл құры-лымдарын өндірумен айналысады.

Зауыт жетекшісі Арғын Шәріпқанов кәсіпорындағы өндіріс ауқымы кең екенін айтады. Еліміз бойынша металл құрылымдарын пайдалану арқылы салынатын ғимараттардың 90 пайызы осы кәсіпорынның өнімімен қамты-лады. Зауыт өңірлік деңгейде Павлодар мұнай-химия зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Қазақстанның электролиз зауыты сынды басқа да ірі кәсіпорындардың құрылысына қатысқан.

2022 жылы компания мемле-кеттік бағдарлама аясында несие алып, қолданыстағы жабдықтарды жаңартты.  Бұл ретте кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы
800 млн теңге мөлшерінде несие ресімдеген. Несиенің жалпы пайыздық мөлшерлемесі — 17,5. Оның 11,5 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Яғни кәсіпорын банктен алған қарызын небары 6 пайыздық мөлшерлемемен қайтарады.

— Бұл қолдау өндіріске ерекше серпін берді. Жаңа заманға сай көптеген құрал-
жабдық сатып алдық. Нәти-жесінде өндірілетін өнімнің сапасы мен көлемін артты-
рып, металл құрылымда-рының түрлерін көбейттік. Сол арқылы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіміз едәуір артты, — дейді Арғын Шәріпқанов.

Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстаннан бөлек, шетел нарығына да шығарған. Қазіргі тұтынушыларының қатарында Ресейдің Сарань қаласында бой көтеріп жатқан зауыт бар. Бүгінгі таңда Павлодарда шығарылатын металл құрылымдары Қостанайдағы KIA автокөліктерін өндіретін зауыт және Қашағандағы мұнайгаз кәсіпорнының құрылы-сында пайдаланылуда. Қазіргі уақытта кәсіпорында 120-ға жуық маман еңбек етуде. Осы-лайша, мемлекет қолдауының арқасында өндіріс орындары өркен жайып, отандық нарық-тағы бәсекеге қабілеттіліктері
артуда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.