Павлодар қаласы әкімдігі алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын нақтылауға кірісті. Жоба-жоспарларының жай-жапсары пысықталуда.
Бұл туралы қала басшысы Хасар Хабылбеков Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлім етті.
— Негізгі жоспарлардың бірі – қалада 50 жаңа ойын алаңын орнату. Тартанмен қапталған, орындықтар, қоқыс тастайтын орындар орнатылған және қоршалған 13 ойын алаңының алғашқысыі 2025 жылы Бектұров көшесіндегі №52/1 үйдің жанында пайда болады. Оның тұрғындары маған ауланы абаттандыру туралы өтініш білдірген еді, — дейді шаһар басшысы.
Тағы балаларға арналған осы тектес 49 кешен орналасатын учаскелер тізімі қазір реттеліп жатқан көрінеді. Яғни, қала билігі аулаларды аралап, аумақтарда инженерлік желілердің бар-жоғын тексеруде. Бұл жоба да, келесі жылға арналған барлық жұмыс жоспарлары да облыс әкімінің қолдауымен іске асып жатқанын атап өтті.
Г.МАҒЖАН.