Жүрек ауруына душар болған Астана қаласының тұрғыны павлодарлық кардиологтарға алғысын білдіріп, мамандардың біліктілігіне жоғары баға берді.

Павлодар қаласындағы  кардиологиялық орталыққа Железин ауданынан 44 жастағы әйел адам жеткізілді. Ол қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады екен.  Павлодар қаласына келе жатқанда жолда жүрегі қысып, жағдайы нашарлаған.

— Өте сирек кездесетін жүрек ауруына шалдық-қанмын.  І топтағы мүгедекпін, Мәскеудегі Чазов атындағы зерттеу институтында бірнеше рет ем алдым. Жол бойында жағдайым нашарлағанда Астанаға жете алмайтынымды түсіндім. Павлодарлық кардиологтардың көмегіне жүгінуге тура келді, — деді науқас.

Кардиоорталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқы-зылып, үш аптаға созылған емнен кейін үйіне жіберілген.

— Гүлжанат Жақованың басшылығымен кардиоорта-лықтың жұмысы үйлесімді ұйымдастырылған. Бұл меди-циналық мекеме Мәскеудің зерттеу институттарынан кем емес екеніне куә болдым. Реанимация және кардиология бөлімшелерінің дәрі-герлеріне өмірімді құтқарып қалғандары үшін алғысымды айтамын, — деді астаналық әйел.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.