Аудан әкімі Қадылжан Сәтиев аудандағы арнайы техника-лардың қысқы мезгілге дайындығын пысықтады. Сонымен қатар, коммуналдық мекеме басшыларына қысқы маусымда коммуналдық қызметтің тәулік бойы еңбек етуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Ауыл ішіндегі жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстауға бюджеттен 4,7 млн теңге, ал аудандық жолдарды тазалауға 13,7 млн теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар жолдарды тазалау жұмыстарына 18, ал ауыларалық жолдарға 16 техника жұмылдырылмақ. Жолдарды күтіп-ұстау барысында қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материалдарды себу, қар шығару, жолдарды патрульдеу жүргізілмек.

Кездесу барысында аудан әкімі қар тазалайтын және басқа да мамандандырылған техникалардың саны мен сапасы және қосымша дайындығы бойынша жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.