Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес
аудан әкімі Нұрболат Мақашевтің ауылдық округ тұрғын-дарымен кездесуі жалғасуда.
Аудан әкімі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Равнополь, Новопокров, Лозов, Қозыкеткен, Ольгин және Қоңырөзек ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы биыл өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға тоқталып өтті.
— Кестеге сәйкес өткен бірқатар ауылдық округ тұрғындарымен тұрақты кездесуде «Ауыл – ел бесігі» шеңберінде жобаларды іске асыру нәтижесі мен ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талқыладық. Кездесу барысында тұрғындармен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, денсаулық сақтау объектісін салу, кірме жолдарды жарықтандыру мәселелері айтылды. Ал жеке қабылдауға округ тұрғындары әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушілерге толық түсініктеме беріліп, заңнамаға сәйкес тиісті шешімдер қабылданатын болады, — деді Н.Мақашев.
А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.