Сілеті ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. Нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Нығман Жүсіпов қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.

Мәдени ошақта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық қазынадан 70 млн теңге қаражат бөлінген. Ауқымды жұмыспен Павлодар қаласының «СКЭР» ЖШС айналысқан. Жауапты мекеме өкілдері мәдениет үйінің шатырын, есік, терезесін толығымен ауыстырған. Сонымен қатар, жылыту жүйесі ретке келтіріліп, мекеме ауласы абаттандырылды.

Облыстық бюджеттік трансферт есебінен мәдениет үйіне музыкалық аппарат пен 1 млн теңгеге 50 орындық сатып алынды. Жөндеу жұмыстары кезінде 3 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта хореографиялық үйірме ашу жоспарлануда. Осылайша, ауыл жұрты мәдениет үйінде өтетін мерекелік шараларда көңіл көтеретін болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.