Ауданда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жауапты міндетті мердігерлер кестеге сәйкес орындауда.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше қар тазалау жұмыстары күн сайын таңғы сағат 6.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі. Елді мекендерде 30-дан астам техника қызмет көрсетіп, жалпы ұзындығы 291 шақырым жол тазартылған. Жиналған қар үйінділері арнайы орынға шығарылады. Республикалық маңыздағы жолда «ҚазАвтожол ҰҚ» АҚ-ның 6 көлігі, облыстық маңыздағы жолдарда «Нұрал» ЖШС қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындары көшелер мен жолдардың қардан уақытылы тазартылып жатқанына ризашылықтырын білдіруде.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.