Биыл Баянауыл ауданында бірқатар жаңа жоба жүзеге аспақ. Соның бірі — туризм саласын дамытып, алыс-жақыннан келетін саяхатшыларға жайлы жағдай жасау.
Осы мақсатта аудан әкімі Ардақ Кісентаев Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директорымен, мамандармен кездесіп, маңызды жобаларды талқылады. Демалушы-лардың жайлылығы үшін Жасыбай демалыс аймағындағы коммуналдық жаға-жайға қатысты жоба-жоспарлар жасалады. Сонымен қатар, осы жылы өңірде визит-орталықтың құрылысы жүргізілмек. Бұл сұлу өлкенің табиғаты мен тарихынан сыр шертетін үлкен орын болмақ. Сондай-ақ, Жасыбай демалыс аймағына апаратын 15 шақырым жолдың асфальт жамылғысы жаңартылады. Бұдан бөлек, көру алаңы жасалып, Сабындыкөл жағалауы абаттандырылады. Аудан орталығында да көріктендіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ауыл ішіндегі 8 шақырым жол орташа жөндеуден өтіп, көше жарықтары орнатылмақ.
Н.АҚЫТЕГІ.