Успен ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа спорт нысаны ауданның спорттық инфрақұрылымын нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етпек.

Жергілікті тұрғындар көптен күткен жаңа спорт ғимаратының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін ақтарды. Аталмыш спорт кешені заманауи спорттық құрал-жабдықтармен және жаттығу алаңдарымен қамтамасыз етілген. Мұнда балалар мен ересектер үшін баскетбол, волейбол, қазақ күресі, дзюдо секциялары және жалпы дене шынықтыру топтары ашылды.

— Бұл спорт нысанында жасөспірімдер оннан астам спорт түрімен айналысады. Сонымен қатар ауыл тұрғындары да жаттығу залына барып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қоса алады. Успен ауылында жас волейболшылар осыған дейін мектептің спорт залында жаттығатын. Ол нысан тарлық етті. Әрі жаттығу кестесі де қолайсыз болды. Енді өрендер үшін дербес ғимарат берілді. Кешен кең, жылы. Қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Жасөспірімдер мұнда жарыстарға емін-еркін дайындала алады, — дейді ауыл тұрғындары.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.