Жыл мезгілдері қызық пен қауіпке толы. Бүгінгі аязды маусымда да ойын-сауық түрлері аз емес. Осыған байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бүгінде қала тұрғындарының қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтайтынымен бөлісті.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіз-дікті қамтамасыз ету, су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша мезгілдік іс-шаралар жүргізуде. Олар балықшылардың аязды күнде балық аулау, тұрғындардың тыйым салынған жерде автокөлікпен мұзға шығуы кезінде қауіпсіздік шараларын қадағалау жайлы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, аңшылық-балық аулауға арналған құрал-жабдық дүкендерінде сатып алушыларға ескертулері енгізілген жадынамалар берілетінін айтты.

Павлодар облысы ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде атап өткендей, қараша айынан бастап іске асқан акция бойынша өткізілген 1051 рейдтік іс-шара өткізіп, оған 2720 адам қатысты. Аталмыш рейд кезінде 3705 адам нұсқаулықпен танысты.

Айта кетейік, мұз өткелдерін ұйымдастыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Жылда облыс аумағында 13 мұз өткелі жұмыс істейді, бүгінгі таңда облыс бойынша Май ауданында 1 мұз өткелі бар.

Павлодар облысы ТЖД-нің Апат медицина орталығы бөлімінің басшысы Игорь Колесниченко жақында православиеліктердің шомылу рәсімінде ұстанатын бірқатар қауіпсіздік ережелерін атап өтті. Осы орайда рәсім өтетін 11 орын ұйымдастыру жоспарлануда, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық учаскелерде жеке құрамның кезекшілігі қызмет етеді.

Салтанат ҒАББАС.