Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланғаны белгілі. Бұл ретте Павлодар облысындағы өндіріс орындарының қызметкерлері қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған игі істердің қоғам үшін берері мол екенін алға тартты. Сонымен қатар, жұмысшы мамандық иелері біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік барын да атап өтті.
Ердәулет ӘБДІРАЙЫМОВ, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженері:
— Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау — маңызы зор мамандық. Себебі, ұжымдағы әрбір жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен де биік тұрады. Сол себепті де біз ережелердің қатаң сақталуын қадағалаймыз. Биыл Президентіміздің бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Осыған орай қарапайым еңбек адамының қоғамда лайықты дәріптелетініне сенеміз. Аймағымыздың жас мамандарының бірі ретінде еліміздің дамуына өз үлесімді қоса отырып, бізге берілген жаңа мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланамыз деген ойдамын.
Сергей ШЕРМАТОВ, Павлодар қаласындағы құбыр ию өндірісінің жетекші инженер-технологы:
— Жұмысшы мамандықтары тек қазір өзекті емес, біздің болашағымыз үшін, еліміз үшін де өте маңызды. Олар бізге жаңашыл дағдыларды, ұжымдаса жұмыс істеуді, мәселелерді шешуді үйретеді. Ішкі нарыққа жеткізуден басқа, біздің өнімдеріміз ТМД елдеріне және алыс шет елдерге тұрақты түрде экспортталады. Біздің компания үздік инновациялық жоба ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағына ие болғанын атап өткім келеді. Бұл да – жұмысшы мамандарының еңбегін лайықты бағалаудың көрінісі.
Радомир КУИМОВ, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС МТБЭ технологиялық қондырғыларының операторы:
— Мен еліміздің Президентінің Жұмысшы мамандықтары жылы туралы бастамасын толығымен қолдаймын. Жұмысшы мамандығы — қазір бұрынғыдан да өзекті әрі қажет салалардың бірі. Себебі дәл осы бағыттағы жұмыс еліміздің дамуында шешуші рөл атқарады. Осындай бастамаларды қолдаудың арқасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылық арта түсетініне сенімдімін. Ал жас ұрпақ мұны өз келешегі және өзін-өзі дамыту мүмкіндігі ретінде қарастыра алады.
Primeminister.kz