Шақат ауылы жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында мұғалімдердің кәсіби құзірет-тілігін дамытуға бағытталған аудандық семинар өтті.
Аталмыш семинарға мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлер, шағын орталықтың тәрбиешілері мен ұстаздар қауымы қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, семинар аясында аудан мектептерінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқушылармен жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдерін көрсетті. Әр сабақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған, тәжірибелік жұмыстармен ерекшеленді. Сонымен қатар, семинарда шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Мұғалімдер цифрлық технологияларды тиімді қолдану бойынша практикалық кеңестер алып, жаңа платформалармен жұмыс істеуді үйренді. Шара соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
А.МҰҚЫШЕВ.