Қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Қозыкеткен ауылы жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Халықтың тарихи жады: Өткеннен — болашаққа» атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды.

Рухани шараға қатысушылар алдымен жазушының өмірбаянымен танысып, оның шығармашылық жолындағы қызықты деректерге куә болды. Шара барысында ғылыми-практикалық конференция, кітаптар мен әдебиет көрмесі өткізілді.

— Оқырман жүрегінен ойып тұрып орын алған қара сөздің хас шебері 1915 жылы қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Тау-кен және металлургия институтын аяқтаған. Жазушының алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 40-шы жылдары жарық көрді. Балалар үйінде тәрбиеленген Ілияс Есенберлиннің бұл жетістікке жету жолы оңайға соқпаған. Жазушының шығармалары – Көшпенділер, Алтын орда, Қазақ хандығының құрылуы және оның тәуелсіздік пен мемлекеттілік жолындағы көп жылғы күресін баяндайды, — деді шараны ұйымдастырушылар.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.