Қариялар — құрмет төрінде

Ақп 6, 2025

Аудан әкімі Дидар Ибраев ауылдардың ардагерлер, ақсақалдар, аналар кеңестерінің, сондай-ақ, этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелерімен кездесті.

Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында ауданның өзекті мәселелері, шалғай жатқан елді мекендерді өркендету және абаттандыру жұмыстары, жастар тәрбиесіне ақсақалдардың бағыт-бағдар беру жолдары талқыланды. Ауданның белсенді қоғамдық құрылымдары ағымдағы жылға жоспарланған бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, аудан дамуына өз үлестерін қосуға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы Дидар Ибраев қазыналы қарттарға алғысын білдіріп, жоспарланған жұмыстарына сәттілік тіледі.

А.МҰҚЫШЕВ.