«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Мүткенов ауылында бірнеше жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде әлеуметтік нысандар, ауылішілік жолдар жөнделмек.
Атап айтқанда, елді мекеннің мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған бюджеттен 144 млн теңге көзделген. Сонымен қатар, аталған ауылдағы жалпы ұзындығы 3,9 шақырым болатын 5 ауылішілік көше (Астана – 0,62 шақырым, Ардагер – 0,62 шақырым, Зерноток – 0,9 шақырым, Жеңіс – 0,7 шақырым, Ертіс – 1,1 шақырым) орташа жөндеуден өтпек. Аталған жұмыстарға 148,9 млн теңге бөлінген.
Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап облыс әкімі Асайын Байхановтың бастамасы бойынша облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде барлық қала мен аудандарға бонустық трансферттер көзделген. Осыған орай Мүткенов ауылының жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын (Қазақстан – 0,7 шақырым, Жастар – 0,5 шақырым, Бейбітшілік – 0,7 шақырым, Береке – 0,5 шақырым) ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге 147,5 млн теңге қарастырылған. Аталған жобаны облыстық бюджет комиссиясы қолдады.
А.БОРАНБАЕВА.