Құрылыс қарқын алып келеді

Ақп 6, 2025

Биыл Екібастұз қаласында тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алмақ. Шағын аудандарда көпқабатты баспаналар бой көтеріп, жергілікті жұртшылықтың игілігіне тапсырылады.

Өткен жылы кеншілер шаһарында жеке құрылыс салушы компаниялар жалпы ауданы 98 мың шаршы метрді құрайтын екі жаңа тұрғын үй кешенін салды. Оның ішінде 33 мың шаршы метрі – жеке үйлер, ал 65 мыңы – көпқабатты үйлер. Бұл үйлер Әуезов көшесі, 101, Марденов көшесі, 24 және Ломоносов көшесі, 29/1 мекенжайларында орналасқан. Сонымен қатар, Пішембаев көшесінің бойында бюджет қаражаты есебінен бес қабатты 3 үй салына бастады. Оның әрқайсысында 60 пәтер бар. Ал биыл қосымша 14 мың шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Бес қабатты үйлер №8, 9 және 31 шағын аудандарда бой көтереді.

Жалпы алғанда, соңғы жылдары Екібастұз қаласында тұрғын үйлердің саны айтарлықтай көбейгені байқалады. Олардың қатарында ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арнап салынған баспаналар да бар.

Өз тілшіміз.